Алматы қ. «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2 тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 14 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 27-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ. «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы сынақ зертханасының 11.09.2019 жылы берілген №KZ.T.02.2260 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

