Қарағанды қ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығының аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2 тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 14 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 28-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қарағанды қ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығының №KZ.T.10.0737 жылы берілген 11.09.2020 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

