Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2 тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 14 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 24-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Нұр-Сұлтан қ. «АДС САПА» ЖШС сынақ орталығының 24.10.2019 жылы берілген №KZ.Т.01.2275 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

