Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Атырау облысы бойынша «Ғылыми бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қорының «SWAPTEL» топырақ, су және өсімдіктерді сынау зерттеу зертханасы 2021 жылғы 17 мамырдағы № KZ.T.06.2431 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Научно-исследовательский диагностический центр «Diagnostic Group» ЖШС сынақ зертханасының 2019 жылғы 09 тамыздағы № KZ.T.03.1519 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. «Ұлттық компания» «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ спутниктік навигация департаменті салыстырып тексеру зертханасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № KZ.P.0.E0314 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
4. Астана қаласының «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС сынақ орталығының 2019 жылғы 12 маусымдағы № KZ.T.01.2223 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
5. «United Techno Services» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № KZ.P.02.2434 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
6. «Kazmunaiservices & Contracting» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2019 жылғы 12 маусымдағы № KZ.P.06.2222 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
7. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
8. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

