«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы № 39 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша карантиндік шараларды енгізу туралы шешіміне және республикада шектеу шараларын 2020 жылғы 20 шілдеден 2 тамызға дейін және 3 тамыздан 17 тамызға дейін ұзарту туралы шешім, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 03 желтоқсанан 2021 жылғы 13 қаңтарға дейін ұзартылсын:
Ақсай қаласы, «Ақсайспецмонтаж» ЖШС-ның техникалық диагностика және бұзылмайтын бақылау сынақ зертханасының КZ.И.09.0713 аккредиттеу аттестаты;
Қостанай қаласы, «ГЭСПОЛ» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.11.0913 аккредиттеу аттестаты;
Атырау облысы, Құлсары қаласы «САПСАН» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының KZ.П. 06.1074 аккредиттеу аттестаты;
Семей қаласы, «МегаСтандарт» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.17.1673 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Е. Мухтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

