Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 42 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Талдықорған қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысы бойынша экология департаменті» зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
2) Шымкент қ., Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша филиалының сынақ зертханасы;
3) Хромтау қ., «Казхром» «ТҰҚ» акционерлік қоғамының филиалы –«Дөң тау-кен байыту комбинаты» қоршаған ортаны қорғау зертханасы;
4) Ақтау қ., «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу электр станциясының (ЖЭС) химиялық зертханасы;
5) Павлодар қ., Казахстанский проектно-исследовательский институт «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС-нің сынақ орталығы:
6) Қызылорда қ., Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы;
7) Алматы қ., «Научно-диагностический центр «Animal Expert Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
8) Алматы облысы, Іле ауданы, С. М. Түймебаев, «SpecLab Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
9) Қызылорда қ.; Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Құмкөл кен орны, «ECO GUARD» ЖШС-нің сынақ зертханасы;
10) Ақтөбе қ., «Хим.Лаб. Сервис КЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
11) Шымкент қ., «Es-Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
12) Алматы қ., «Метролог» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
13) Атырау облысы, Махамбет ауданы, Орал тас жолы, «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры өлшеу құралдарын дәлдеу және метрологиялық қамтамасыз ету учаскесінің салыстырып тексеру зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Әртүрлі типтегі инспекциялық органдардың жұмысына қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Қарағанды қ., «AZIM-2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инспекциялық органы аккредиттелсін.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
1) Павлодар қ., «CONTRUST KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының 30.12.2024 жылғы № KZ.T.14.2280,
2) Атырау қ., «Сертификационный центр OVS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 20.06.2023 жылғы № KZ.P.06.1372,
3) Астана қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Астана филиалының инспекциялық органының 28.07.2023 жылғы № KZ.I.01.2556 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
1) Орал қ., «HSE service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының 19.03.2025 жылғы № KZ.T.09.2284,
2) Алматы обл., Іле ауданы, Ашибұлақ а. о., Жапек батыр а., «Маңғыстау Сертификаттау Орталығы Сынақ Зертханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының 28.11.2024 жылғы № KZ.T.13.2788 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
4. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне:
1) Қызылорда қ., Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «Научно-диагностический центр «Animal Expert Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
3) Алматы облысы, Іле ауданы, С. М. Түймебаев, «SpecLab Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
4) Ақтөбе қ., «Хим.Лаб. Сервис КЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
5) Қарағанды қ., «AZIM-2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инспекциялық органы;
6) Астана қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының Астана филиалының инспекциялық органы енгізілсін (28.07.2023 жылғы № KZ.I.01.2556 аккредиттеу аттестаты).
5. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1, 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
6. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
7. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 5-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 6 және 7- тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
