Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 17 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 639 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Aktevel Service» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы Ақтөбе қ.;
2) «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің ШЖҚ РМК филиалы «Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты» сынақ орталығы, Қарағанды қ.;
3) «Құрылыс-Диагностика» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
4) «General Survey Inspection co ltd (бас Маркшейдерлік Инспекция)» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Нұр-сұлтан қ.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Гринпром-ПВ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасына, Павлодар қ., Семей қ.;
2) «Qolik Sertif Almaty» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.
3. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты «Шығыс Қазақстан ұн тарту-құрама жем комбинаты» АҚ-ң сынақ орталығына, Семей қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

