Қарағанды қ., «Гормонтажпроект» ЖШС сынақ зертханасының «Бетон және темірбетон конструкциялары мен бұйымдары» объектілер бойынша аккредиттеу саласының бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы.
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және 2022 жылғы 11 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 26-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қарағанды қ., «Гормонтажпроект» ЖШС сынақ зертханасының 26.12.2019 жылы берілген №KZ.T.10.2291 «Бетон және темірбетон конструкциялары мен бұйымдары» объектілер бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

