Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «ALEM STANDART-1» ЖШС сынақ зертханасының 2024 жылғы 15 қаңтардағы KZ.T.12.2627 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
3. Мониторинг және талдау басқармасы тиісті ақпаратты Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
4. Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

