Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 11 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 604 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 14065-2016 «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «ЭКО-Астана НР» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы, Нұр-Сұлтан қ. аккредиттелсін.
2.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «АК Метролог» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Ақтөбе қ.;
2) «Gaszhol-SERVICE» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
3) «KAZAKHMYS SMELTING (Қазақмыс СМЭЛТИНГ)» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Балқаш қ.;
4) «KazLabEngineering» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
5) «Изыскатель-KZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
6) «Каспий Строй Консалтинг» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
7) «Теплоуют» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Ақтөбе қ.;
8) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Астана филиалының калибрлеу зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
9) «Radio Wave Service» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
10) «Инновациялық Энергоцентр» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Көкшетау қ.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты «Эксперт Cert» ЖШС сынақ зертханасың, Шымкент қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Фирма Жаңабет» ЖШС-ң сынақ орталығы, Нұр-Сұлтан қ.;
2) «ГеоСтройИнвест» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
5. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Munai Gas Engineering» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Орал қ.
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасы, Қызылорда қ.
6. Атауының өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасы, Павлодар қ.;
2) «Etalon ortalygy» ЖШС-ң стационарлық/жылжымалы сынақ зертханасы, Қызылорда қ.
3) Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының «Алматы Су» ШЖҚ МКК метрологиялық қызметінің салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

