«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау департаменті «Center Beton Company» ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылғы 23 қазандағы № KZ.T.01.2389 аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2024 жылдың 03 сәуірге дейін тоқтату туралы тиісті ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және осы ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарламаны аккредиттеу субъектісіне жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме:
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 03.10.2023 жылы заңды күшіне енген 18.09.2023 жылғы № 7120-23-00-3/35891 қаулысы.

