Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 31 қазандағы № 296 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Атырау қ., «Бюро Веритас Казахстан Индастриал Сервисез» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Шымкент қ., «Standard Sample» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
3) Атырау қ., «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талдама зертханасы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
4) Өскемен қ., «Полисертико» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5) Орал қ.,Батыс Қазақстан филиалының «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң сынақ бөлімінің сынақ зертханасы;
6) Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК-ң Ақтөбе филиалының калибрлеу зертханасы;
7) Астана қ., «Жаңа ғасыр 2030» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Қарағанды қ., «Энергометросервис» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының;
2) Қызылорда қ., «Сыр-Арал сараптама» ЖШС-ң бұзылмайтын бақылау және экологиялық мониторинг жылжымалы сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Қазэкология» РҒӨАО ЖШС-ң сынақ зертханасының;
4) Ақтөбе қ.,Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалының тексеру зертханасының;
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Алматы қ., «Стандарттау және сертификаттау орталығы» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4. Аккредиттеу субъектісінің мекенжайының өзгеруіне байланысты Павлодар қ., Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығының сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Астана қ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ң сынақ зертханасынан / Астана қ., Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1350-ОД ОТ 02.11.2023 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

