Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Манар» ЖШС өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органның 2020 жылдың 12 тамыздағы № KZ.О.05.0580 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
2. «Zhetysu Service Partners» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2017 жылдың 23 қарашадағы № KZ.P.13.1973 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
3. «ЖЕНИС» ЖШС фирмасы сынақ зертханасының 2017 жылдың 07 наурыздағы № KZ.И.02.1271 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» веб-сайтына орналастырсын.
5. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1 - 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерді хабардар етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

