Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 7 тармағына сәйкес және 2024 жылғы 17 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 69-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтау қ., «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ң зертханалық диагностика бөлімшесінің медициналық зертханасының 29.06.2023 жылы берілген № KZ.M.02.2046 аккредиттеу аттестатын қайтарылып алудан бас тартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

