«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 13 қазаннан 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін ұзартылсын:
1) Алматы қ., «АЗКА КОНСАЛТИНГ-СЕРВИС» ЖШС жабдықтарды техникалық бақылау және диагностика сынақ зертханасының және мобильдік сынақ зертханасының № KZ.T.02.1314 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Научно-инженерный центр безопасности в промышленности» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.1944 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

