«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 23 қарашадан 2021 жылғы 23 ақпанға дейін ұзартылсын:
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, «Научно-исследовательский институт строительного производства» ЖШС-ның сынақ зертханасы KZ.И.10.0886 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қаласы, «UNI-СЕРВИС (ЮНИ-СЕРВИС)» ЖШС бұзбай бақылау жөніндегі жылжымалы зертханасының KZ.И.02.0882 аккредиттеу аттестаты;
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының Орталық метрологиялық зертханасының калибрлеу зертханасы КZ.К.10.0734 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қаласы, «КАЗЭКСПОАУДИТ» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органның KZ.О.02.0940 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қаласы, "Трест Средазэнергомонтаж" АҚ-ның сынақ зертханасы KZ.T.02.1668 аккредиттеу аттестаты;
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, «Булат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы KZ.P.14.0906 аккредиттеу аттестаты;
Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сынақ зертханасы KZ.T.01.0829 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 23 қарашадан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

