«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ Түркістан филиалы» сынақ зертханасының 2015 жылғы 13 қарашадағы № KZ.T.16.0924 аккредиттеу туралы куәлігінің қолданылу мерзімі 2020 жылдың 13 қарашасынан 2021 жылдың 13 ақпанына дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 13 қарашадан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

