«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 7-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығымен бекітілген аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарттың 8-тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылдың 14 қарашадан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанға дейін ұзартылсын;
Түркістан облысы, «Қазақстандық француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС калибрлеу зертханасының № КZ.К.16.1806 аккредиттеу аттестаты;
Қарағанды облысы, «Караганда Энергоцентр» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.Р.10.1229 аккредиттеу аттестаты;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіні хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

