Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы филиалы «КДЛ ОЛИМП» ЖШС медициналық зертханасының 24.05.2023 жылғы № KZ.M.04.1958 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Смарт Сервис Казахстан» ЖШС сынақ зертханасының 28.03.2023 жылғы № KZ.T.06.1962 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментіне үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

