«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 14 қазаннан 2025 жылғы 14 каңтарға дейін ұзартылсын:
1) Алматы қ., «ЛабСЭМ» ЖШС санитарлық-экологиялық мониторинг зертханасының № KZ.T.02.0217 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Loco-Center» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.02.1528 аккредиттеу аттестаты;
3) Қарағанды қ., «ЭКАС» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.10.1552 аккредиттеу аттестаты;
4) Маңғыстау обл., «Buzachi Operating Ltd» (Бозашы Оперейтинг Лтд) компаниясы филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.13.0540 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру департаменті осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

