Аккредиттеуден кейінгі келісімнің 8.2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. 2020 жылғы 16 қарашадан бастап 2020 жылғы 11 қаңтарға дейін Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облыстық филиалының сынақ зертханасының KZ.И.05.0781 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектіге хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 16 қарашадан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

