Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылғы 28 қазандағы № 619-О және 2021 жылғы
29 қазандағы № 663-О хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттары қайтарылып алынсын:
Нұр-Сұлтан қ., «Қазтелерадио» АҚ салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 3 ақпанда берілген № KZ.P.01.0349 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қ., «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ инженерлік бейіндегі зертханасының 2017 жылғы 23 қарашада берілген № KZ.T.02.1177 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қ., «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Химиялық синтез және мұнай өндіру» сынақ зертханасының 2018 жылғы 9 қарашада берілген № KZ.T.02.2159 аккредиттеу аттестаты;
Қарағанды қ «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалының сынақ орталығының 2016 жылғы 15 желтоқсанда № KZ.И.10.1219 аккредиттеу аттестаты;
Петропавл қ., «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамының метрологиялық қызметінің калибрлеу зертханасының 2018 жылғы 19 сәуірдегі № KZ.K.15.1370 аккредиттеу аттестаты.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

