«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына Алматы облысы Қонаев қаласының Мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотының 2026 жылғы 28 шілдедегі № 1920-26-00-3/2315 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 2025 жылғы 11 желтоқсанда берілген KZ.T.04.2992 аккредиттеу аттестатының, «ArystanMotorsGroup» ЖШС-не (БСН 200940023374) тиесілі аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 27 тамыздан 2026 жылғы 27 ақпанға дейінгі мерзімге 6 (алты) ай мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
