Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 29 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 618 және 661 хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17024-2014 «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектілері аккредиттелсін:
«УПЦ НК «Almaty» ЖШС персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі орган, Алматы қ.;
«Батыс өндіріс-құрылыс сервисі» ЖШС персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі орган, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«Ақпараттық жүйелердің электромагниттік үйлесімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі орган, Алматы қ.
3. ГОСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты» ЖШС біліктілікті тексеру провайдері, Алматы қ.
4. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
4.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы, Тараз қ.;
«ҚазМұнайГаз - Бұрғылау» Сервистік бұрғылау кәсіпорны» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ.;
«Stratum CER» (СТРАТУМ КЭР) ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қаласындағы филиалының сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«Қамқор Вагон» ЖШС «Аякоз вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбай бақылау цехының сынақ зертханасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қ.;
«КазЮжстройсертиф» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.
4.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«ЭТАЛОН-ХХІ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы,
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ метрология бөлімінің салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар облысы, Ақсу қ.;
«Геокурс» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (Geokurs), Алматы қ.;
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – «Магистральдық желінің Шымкент бөлімшесі» Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы, Шымкент қ.;
4.3 Келесі ұйымның калибрлеу зертханасы:
«CENTRO LAB» ЖШҚ калибрлеу зертханасы, Грузия, Тбилиси қ.
5. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
5.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңейтуіне байланысты:
«Қазфосфат» ЖШС сынақ орталығы, Тараз қ., Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Талас ауданы, Қаратау қ.;
«Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Қостанай филиалының сынақ зертханасы, Қостанай қ.;
«Вест Контроль Сервис» ЖШС сынақ зертханасы (жылжымалы), Атырау қ., Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз кен орны;
«Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ қоршаған ортаны қорғау зертханасы, Ақтөбе қ.;
«Проливная Система» ЖШС тексеру зертханасы, Қарағанды қ.
5.2 «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның Солтүстік Қазақстан филиалының қызметі бөлігінде «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органды аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты, Петропавл қ.
5.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және салыстырып тексеру зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Қарғалы аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы, Ақтөбе облысы, Бадамша а.;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шалқар аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы, Ақтөбе облысы, Шалқар қ.;
«R.W.S. Wheelset» ЖШС бұзылмайтын бақылау сынақ зертханасы, Павлодар ауданы, Екібастұз қ.
5.4 Аккредиттеудің мынадай субъектілері атауының өзгеруіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Қарғалы аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Қарғалы аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты, Ақтөбе облысы, Бадамша а.;
«Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ метрология басқармасының тексеру зертханасы атауы «Біріккен энергосервистік компания» АҚ метрология басқармасының тексеру зертханасы атауына өзгеруіне байланысты, Өскемен қ., Семей қ.
5.5 Келесі аккредиттеу субъектісі мекенжайы атауының өзгеруіне байланысты:
«Ескерткіш Қызмет Қазақстан» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ.
5.6 Келесі аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты:
«Ekspert Group» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Орал қ.
6. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2 және 3 тармақтарда көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
7. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

