«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтөбе қ., «Актобе Промсанитария» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.05.1940 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 5 қазаннан 2023 жылғы 5 қаңтарға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

