«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 13 қарашадан 2021 жылғы 13 ақпанға дейін ұзартылсын:
Орал қ., «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ өндірістік технологиялық зертханасының KZ.И.09.0885 аккредиттеу аттестаты;
Теміртау қ., «АрселорМиттал Теміртау» АҚ аналитикалық бақылау орталығының сынақ зертханасының КZ.И.10.0881 аккредиттеу аттестаты;
Актөбе қ., «Ремонтно-метрологический центр» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының KZ.П.05.1032 аккредиттеу аттестаты;
Актөбе қ., «Ремонтно-метрологический центр» ЖШС-ң калибрлеу зертханасының KZ.К.05.1667 аккредиттеу аттестаты;
Алматы қ., "Корпорация Сайман" ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының KZ.P.02.0022 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. Аккредиттеуден кейінгі келісімнің 8.2-тармағына сәйкес аккредиттеу аттестаты KZ.T.02.1029 ИЛ Химико-аналитическая партия (лаборатория) филиала АО "Волковгеология" "Центральная опытно-методическая экспедиция", г. Алматы 2020 жылғы 13 қарашадан бастап 2020 жылғы 8 қаңтарға дейін ұзартылсын.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 13 карашадан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

