Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 31 тамыздағы № 41 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қ., «Kamkor Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестінінің сынақ зертханасы;
2) Астана қ., Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Астана қаласы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының сынақ зертханасы;
3) Орал қ., «Казахстанский центр метрологии» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің калибрлеу зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Алматы қ., «Radio Wave Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының 13.10.2022 жылғы № KZ.T.02.E1346 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. Ақтау қ., «Мангистауметросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 18.10.2021 жылғы № KZ.P.13.E0598 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «өлшемдердің 07 түрі» бойынша аккредиттеу саласының уақытша жарамсыз деп танылған бір бөлігі қайта жаңғыртылсын.
4. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне:
1) Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қ., «Kamkor Service» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы,
2) Астана қ., Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Астана қаласы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының сынақ зертханасы енгізілсін.
5. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
6. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
7. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 5-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 6 және 7- тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

