Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Алматы филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу саласының 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР және кабель өнімдерідің сәйкестіктігін растау бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылу туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы қараша айының 6 күнгі № 99-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы»
АҚ-ң Алматы филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың шілде айының 01 күні берілген №1Қосымша / №КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР және кабель өнімдерідің сәйкестіктігін растау бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

