Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 31 тамыздағы № 29-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Хромтау қ., «Казхром» «ТҰҚ» акционерлік қоғамының филиалы – «Дөң тау-кен байыту комбинаты» салыстырып тексеру зертханасының 30.05.2025 жылғы № KZ.P.05.0497 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «02-ші өлшем түрі» бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың 2-3 тармақтар бойынша орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

