Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына, 14 бабының 3 тармағының бұзылуына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы қараша айының 6 күнгі аккредиттеу № 99-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Нұр-Султан қ., «Казпром Серт» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2018 жылдың қантар айының 23 күні берілген № КZ.О.01.0749 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

