Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) 2024 жылғы 4 қазандағы № 251 бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Орал қ., «Батыс-Дез» ЖШС-ң медициналық зертханасы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Астана қ., «АДС Сапа» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Қостанай қ., «Қостанай минералдары» АҚ-ң сынақ зертханасы;
3) Қарағанды қ., «GIO TRADE» ЖШС-ң сынақ орталығы;
4) Өскемен қ., Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының «Түсті металдардың Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия институты» сынақ орталығы;
5) Алматы қ., «Пиротехникалық бұйымдарды сараптау (сынау) және сертификаттау орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
6) Теміртау қ., Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша филиалының сынақ зертханасы;
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Павлодар қ., «Quality Generation Grouр» ЖШС-ң персоналдың сәйкестігін растау органның;
2) Өскемен қ., «Safety Survey Control» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
3) Павлодар қ., «Гринпром-ПВ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасының.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., «ASTANA ROADS» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Алматы қ., «Геотерм өндірістік компаниясы» ЖШС-ң сынақ зертханасының.
5. Аккредиттеу субъектісінің мекенжайының өзгеруіне байланысты Астана қ., «Жобаларды сараптау ұлттық орталығы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Орал қ., «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалының салыстырып тексеру зертханаснан / Орал қ., «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС – «ЖТ Ақтөбе бөлімшесі», филиалының салыстырып тексеру зертханасына.
7. «ҰАО» РМҚ Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
9. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

