Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 03 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 584 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «СИЛУМИН-ВОСТОК» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының сынақ орталығы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қ.;
3) «Айгера-Азия» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы;
4) «КарСтандарт» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
5) «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.;
6) «БИООРТА» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
2. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты келесі ұйымдарға қайта ресімделсін:
1) «Global Standart Inc» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Ақтөбе қ.;
2) «Казцинк» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Өскемен қ.;
3) «Казцинк» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.
3. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «Munai Gas Engineering» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Орал қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

