Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өзен» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № KZ.P.07.0876 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Өзен» ЖШС салыстырып калибрлеу зертханасының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № KZ.К.07.0880 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау басқармасы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін.
5. Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

