Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 бабының 1 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2023 жылғы қазан айының 24 күнгі № 285 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Шымкент қ., Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ң «Су-метрология» филиалының салыстырып тексеру зертханасын аккредиттеуден бас тартылсын.
2. Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті интернет-ресурсына тиісті ақпаратты орналастырсын.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1284-ОД 24.10.2023 Аккредиттеуден бас тарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

