Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 27 тамыздағы № 40 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Петропавл қ., «Эталон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
2) Ақтау қ., «ДАЕРС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
3) Петропавл қ., «Завод им. С.М. Кирова» акционерлік қоғамының салыстырып тексеру зертханасы;
4) Орал қ., «Aktobe Gas Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Орал қаласындағы филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
5) Алматы қ., Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынының салыстырып тексеру зертханасы;
2. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Әртүрлі типтегі инспекциялық органдардың жұмысына қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Астана қ., «General Survey Inspection Co Ltd (Генеральная Сюрвейерская Инспекция)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инспекциялық органы аккредиттелсін.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
1) Астана қ., «Центр испытаний, метрологии и сертификации» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 29.03.2024 жылғы № KZ.P.01.2683,
2) Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұкыр ауылы, «ГеоАналитика Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасының 28.11.2023 жылғы № KZ.T.13.2603 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
4. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Атырау қ., «Поверитель НК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы және стационарлық-мобильдік зертханасының 12.09.2024 жылғы № KZ.T.06.2756 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
5. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1, 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
6. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
7. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 5-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 6 және 7- тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
