Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «NEOTEC NDT» ЖШС сынақ зертханасының 2017 жылдың 06 маусымдағы № KZ.Т.13.1887 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
2. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ сынақ зертханасының 2017 жылдың 26 маусымдағы № KZ.T.15.1058 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
3. «ЖШС «Әубәкір Дощан» ЖШС сынақ зертханасының 2017 жылдың
28 шілдегі № KZ.T.03.1912 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
4. «Қамқор Локомотив» ЖШС «Қарағанды локомотив жөндеу депосы» филиалының салыстырып тексеру зертханасының 2016 жылдың 23 ақпандағы
№ KZ.Р.10.0873 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
5. «Аналитик АФ» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы 2019 жылдың 27 тамыздағы № KZ.Q.01.0370 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
6. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» веб-сайтына орналастырсын.
7. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерді хабардар етсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары
Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

