Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Экологический центр инновации и реинжиниринга» ЖШС валидациялау және верификациялау жөніндегі органның 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № KZ.V.08.2176 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы - «Қазақтелеком» АҚ филиалының салыстырып тексеру зертханасының 2020 жылғы 09 қарашадағы KZ.P.07.0721 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

