«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 27 тамыздан 2026 жылғы 27 қарашаға дейін ұзартылсын:
1) Курчатов қ., «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.07.E0468 аккредиттеу аттестаты;
2) Қарағанды қ., «СКАЙЛЕС» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.10.E0472 аккредиттеу аттестаты;
3) Ақтөбе қ., «АК Метролог» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.05.E0451 аккредиттеу аттестаты;
4) Орал қ., «Казахстанский центр метрологии» ЖШС калибрлеу зертханасының № KZ.K.09.E0465 аккредиттеу аттестаты;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 27 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
