Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 20 қазандағы № 285 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Петропавл қ., «Петропавловский завод тяжелого машиностроения» АҚ-ң сынақ зертханасы;
2) Астана қ., «NavyCo» ЖШС-ң сынақ зертханасы,;
2.Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Алматы қ., «Казсертик-А» ЖШС-ң сынақ орталығының;
2) Атырау қ., Атырау облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасының;
3) Атырау қ., «Мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-ң ғылыми-зерттеу зертханалық орталығының сынақ зертханасының;
3.Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты Павлодар қ., «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ-ң биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығының сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
4.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5.Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

