«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 884-бабын, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отырып,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне Ақкөл қ., «Агроинженерия ғылыми - өндірістік орталығы» ЖШС-ң Ақкөл филиалының сынақ зертханасының 2020 жылдың 29 шілдегі № KZ.Т.03.0670 аккредиттеу аттестаты 2021 жылдың 20 ақпандығы дейін тоқтату туралы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

