Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өзенпромгеофизика» АҚ метрологиялық учаскесінің калибрлеу зертханасының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № KZ.K.13.2169 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Qaz TL» ЖШС сынақ зертханасының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № KZ.T.01.2167 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. «Пожарный Аудит-Сервис» ЖШС сынақ зертханасының 2018 жылғы 06 қыркүйектегі № KZ.T.02.2121 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
4. «Amitech Astana» (Амитех Астана) ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № KZ.T.01.1589 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
5. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1-4 тармақтарында көрсетілген ұйымға хабардар етсін.
6. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

