Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Kosma» ЖШС сынақ зертханасының 30.06.2021 жылғы № KZ.T.16.E0382 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Алматинский университет энергетики и связи имени Гумарбека Даукеева» КЕАҚ сынақ зертханасының 20.08.2021 жылғы № KZ.T.02.E0422 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. «АЛАУ Сервис К» ЖШС сынақ зертханасының 20.08.2021 жылғы № KZ.T.16.E0424 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
4. «Сертификация СМ» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органың 24.02.2023 жылғы № KZ.Q.01.2469 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
5. «Ғылыми-өндірістік орталық «РЕАКТИВ» ЖШС сынақ зертханасының 24.02.2023 жылғы № KZ.T.03.1290 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
6. Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментіне үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
7. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

