Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 20 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 603 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
«СВА ИНТЕРТИЧ» ЖШС медициналық зертханасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ сынақ өрт зертханасы, Алматы қ.;
«Евро-Тест» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы, Тараз қ.;
«Baltic Control KZ Certification» /Балтик Контрол КЗ Сертификейшн/ ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«Eco Project Company» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
«ODA TRAINING» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ филиалы - Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің химия-талдау зертханасы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол кен орны;
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«ILT center» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Атырау қ.;
«Нұр-Электро» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.
2.3 Келесі ұйымның калибрлеу тексеру зертханасы аккредиттелсін:
«ILT center» ЖШС калибрлеу зертханасы, Атырау қ.;
«Алюминий Казахстана» АҚ калибрлеу зертханасы, Павлодар қ.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңейтуіне байланысты:
«Гормонтажпроект» ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қ.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының сынақ орталығы, Петропавл қ.
3.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің атауының өзгеруіне байланысты:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы;
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Түсті металдардың Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия институты» филиалының сынақ орталығы атауы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Түсті металдардың Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия институты» филиалының сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты, Өскемен қ.
3.4 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен жайының атауы өзгеруіне байланысты:
«Энергосервис ЭТЛ» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
«Шек 2006» ЖШС сынақ зертханасы, Қостанай облысы, Лисаков қ.
3.5 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен жайының өзгеруіне байланысты:
«КДЛ ОЛИМП» ЖШС Алматы филиалының медициналық зертханасы, Талдықорған қ.
4. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 және 2 тармақтарда көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
5. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

