«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 25 тамыздан 2026 жылғы 25 қарашаға дейін ұзартылсын:
1) Өскемен қ., Риддер қ., Алтай қ., «Казцинк» ЖШС сертификациялық сынақ орталығының № KZ.T.07.E0470 аккредиттеу аттестаты;
2) Тараз қ., «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.08.E0481 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «Центр экспертизы (испытаний) и сертификации пиротехнических изделий» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.O.02.E0446 аккредиттеу аттестаты;
4) Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.05.E0436 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 25 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
