Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 20 тамыздағы №39 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Қарағанды қ., «АгроЭксперт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Атамекен ауылы, «QAZAQ GRAND LAB» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Safe car» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
4) Шымкент қ., «LLP ROYAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
5) Алматы қ., «Еркін талғам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
6) Ақтөбе қ., «Испытательный центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы (ЕАЭО Сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіндегі ақпарат жаңартуымен бірге);
7) Астана қ., «RMV Tech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
8) Алматы қ., «Волковгеология» акционерлік қоғамының филиалы «Орталық тәжірибелі-әдістемелік экспедиция» сынақ зертханасы;
9) Атырау қ., «Казахстанский Центр Измерений и Контроля» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
10) Алматы қ., «Goldcard Smart Group Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы;
11) Жетісу облысы, Текелі қ., «Текелийский энергокомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасы.
2. ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар Сапасы мен құзыреттілігіне қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№ 5 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК-ның клиникалық диагностикалық зертханасы аккредиттелсін.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
1) Қызыорда қ., «ЭТАЛОННЫЙ ЦЕНТР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің біліктілікті тексеру провайдерінің 18.02.2025 жылғы № KZ.C.12.2826;
2) Астана қ., «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның біліктілікті тексеру провайдерінің 15.07.2025 жылғы № KZ.C.01.2924 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
4. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне:
1) Қарағанды қ., «АгроЭксперт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
2) Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Атамекен ауылы, «QAZAQ GRAND LAB» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
3) Алматы қ., «Safe car» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы;
4) Алматы қ., «Еркін талғам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сынақ зертханасы еңгізілсін.
5. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1, 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
6. «ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
7. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 5-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 6 және 7-тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
