Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 26 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 574 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1 ГОСТ ISO / IEC 17065-2013 «сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «Өнімнің қауіпсіздігі» ЖШС, Көкшетау қ. сәйкестікті растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
2 ГОСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығы» филиалының біліктілікті тексеру провайдері, Алматы қ. аккредиттелсін.
3.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Востокцветмет» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка кенті;
2) «Востокцветмет» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Абай облысы, Бородулиха ауданы, Жезкент кенті;
3) «Инженерные Сети ТС» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
4) «Elean.kz» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Петропавл қ.;
5) «ЗапКазЭкспертиза» ЖШС-ң сапаны бақылау және диагностика сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
6) «Геоплазма» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
7) «Test Standard Engineering» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
8) «Диагностикик стандарт Экспертиза» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.
4. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «HSE service» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
2) «НПО Манометр» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.
5. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Қазақстан метрология орталығы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Орал қ.
2) «Орда S» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қызылорда қ.
6. Мекен жай атауының өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша экология департамент»" РММ зертханалық – талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы, Жетісу облысы, Талдықорған қ.;
2) Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының шжқ «Алматы Су» МКК-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

