Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 21 тамыздағы № 28-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтау қ., "Казпромавтоматика" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің салыстырып тексеру зертханасының 06.10.2021 жылғы .№ KZ.P.13.E0574 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «01,02 және 04-ші» өлшем түрі бойынша бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың 2-3 тармақтар бойынша орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
