Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қараша айының 6 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 98 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. СТ РК 7.6-2009 «Өлшемдерді орындау әдісін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуге қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Өскемен қ., «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ң өлшеулерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
2.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қ., «Сырласу» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Шығыс Қазақстан облысы, «Экспертно-сертификационный центр взрывчатых материалов» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Шымкент қ., «Жұлдыз» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Ақсай қ., «Innovative Well Solution» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Өскмен қ., «VK Lab Servise» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары аккредиттелсін:
Алматы қ., «НЦ «Каз Метро Стандарт» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Өскемен қ., «Қазақтелеком» АҚ-ң филиалы – Шығыс өңірлік телекоммуникациялар дирекциясының салысытырып тексеру зертханасы;
Шымкент қ., «Юг-Астат Innovation» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Петропавл қ., «Эталон» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Петропавл қ., «ЗИКСТО» ЖШС-ң скалибрлеу зертханасы.
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Шымкент қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Оңтүстік Қазақстан филиалының сынақ зертханасы;
Ақтөбе қ., «Техносервис» ЖШС-ң бұзбай бақылау мобильдік сынақ зертханасы;
Алматы қ., «СЖС Қазақстан ЛТД» Шетелдік кәсіпорыны» ЖШС-ң жылжымалы сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., «SKYMAX INNOVATIONS» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы.
3.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Ақмола облысы, Агрофирма «Родина» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., «Астана медицина университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Радиобиология және радиациялық қорғау институтының радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы;
Ақтау қ., «КМГ Инжиниринг» ЖШС-ң «ҚазмұнайгазҒЗЖИ» филиалының ғылыми зертханалық зерттеулер орталығы;
Өскемен қ., «Қамқор Вагон» ЖШС-ң «Өскемен вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбайтын бақылау цехінің сынақ зертханасы;
Қостанай қ., «Агроинженерлік ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң Қостанай филиалының сынақ зертханасы;
Жамбыл облысы, Шу қ., «Қамқор Локомотив» ЖШС-ң «Шу локомотив жөндеу зауыты» филиалының салыстырып тексеру зертханасы.
5. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1,2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
6. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

