Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 03 ақпандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 3-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қ. «Каздоринновация» ғылыми-зерттеу және өндірістік компаниясы» ЖШС сынақ зертханасының 14.10.201 жылы берілген № KZ.T.01.0513 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «жол құрылысына арналған қожды қиыршық тас пен құм», «мұнай жолының тұтқыр битумы», «асфальтбетон және органоминералды қоспаларға арналған минералды ұнтақ», «битумдар мен битумды тұтқыр заттар», «минералды Ұнтақ» және «жол құрылысына арналған цемент» өнімдері бойынша аккредиттеу саласының бір бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

