«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Техникалық реттеу және метрология комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 262300610000004 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 2025 жылғы 19 желтоқсанда берілген KZ.T.02.3001 аккредиттеу аттестатының, «атырау жарык» ЖШС-не (БСН 010940000291) тиесілі аккредиттеу аттестатының қолданылуын 2026 жылғы 03 тамыздан 2026 жылғы 03 ақпанға дейінгі аралықта 6 (алты) ай мерзімге тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
